«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-да «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес, медициналық қызметтің сапасын басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын аурухананың құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ЕМДЕЛУШІНІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ (бұдан әрі – ҚЫЗМЕТ) құрылды.
Директордың бұйрығымен ҚЫЗМЕТТІҢ құрылымы мен құрамы бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес, Қызметті бас дәрігердің емдеу-профилактикалық іс жөніндегі орынбасары басқарады. Қызметтің құрамына келесі мамандар кіреді: емделушіні қолдау және ішкі аудит қызметінің жетекшісі, сарапшы — дәрігерлер, эпидемиолог дәрігері, бас медбике, заңгер. Емделушіні қолдау және ішкі аудит қызметінің жұмысы директор бекіткен Ережемен реттеледі.
Мақсат:
- Емделушінің уақытында, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қажетті көлемде алу құқығын қамтамасыз ету;
- Емделушілер шағымдарының «осында және қазір» принципі бойынша жедел шешілуін қамтамасыз ету.
Міндет:
Аурухананың құрылымдық бөлімшелерінің медициналық көмек сапасын басқару жөніндегі қызметін үйлестіру.
Функциялары:
— бөлімшелер қызметінің өз үдерістерін және рәсімдерін бағалау, денсаулық сақтау аясындағы стандарттарды енгізу, ішкі индикаторларды қолдану бойынша тиімділігін талдау;
— аурухана ішіндегі комиссиялардың қызметін талдау;
— аурухана әкімшілігіне тиісті басқару шешімдерді қабылдау үшін талдау нәтижесінде анықталған мәселелер туралы ақпаратты ұсыну;
— қызметкерлер құрамын медициналық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту және әдістемелік көмек көрсету;
— сапаны жақсарту және емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы қызметкерлердің пікірлерін зерделеу және қызметкерлер құрамын хабардар ету;
— медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу деректерін анықтау;
— сауалнама жүргізу арқылы емделушілердің медициналық қызметтің деңгейіне және сапасына қанағат болу дәрежесі зерделеніп, емделушілердің мәселелерін (шағымдарын) олардың пайда болғанына қарай сол жерде, бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде шешу;
— азаматтардың тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережелерінің сақталуын бақылау.
Құрметті емделушілердің ата-аналары!
Егер Сіз:
— медициналық көмек көрсету сапасына қанағатболмасаңыз;
— медициналық қызметкерлер құрамы тарапынандөрекілікке тап болсаңыз;
— тегін медициналық көмектің кепіл берілгенкөлемі шеңберінде көрсетілетін медициналыққызметтер үшін медициналық қызметкерлерменақша талап ету деректеріне тап болсаңыз;
— сонымен қатар, егер СІЗ медициналық көмеккөрсету тәртібіне және сапасына байланысты басқакүрделі мәселелерге тап болсаңыз, СіздіңЕМДЕЛУШІНІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқығыңыз бар.
ҚЫЗМЕТТІҢ жетекшісі — Ермуханова АсельЕрмухановна болып табылады.
Әкімшілік,1қабат,104 кабинет сағат 09:00дан 12:30-ға дейін ,сағат 14:00дан 17:00-ға дейін , телефон: 210-240 диктафон қарастырылған.
Біздің ұйымда медициналық көмек алу кезіндемәселе туындаған жағдайда, Сіз жүгіне аласыз:
Бас дәрігердің емдеу-профилактикалық ісжөніндегі орынбасарына – Тарбахова СанияЖусифовна
Сіздің өтініштеріңізді біз Сізге ыңғайлы кез-келгентүрде қабылдауға дайынбыз:
Азаматтардың өтініштеріне арналған жәшіктерарқылы
Ақтау қаласы, 26-шағын аудан, 50-ғимарат
Аурухананың сайты арқылыhttp://detbol.mangystay.kz
Электрондық поштамен: gkkp-odb@mail.ru
Сіз сенім телефондары бойынша хабарласааласыздар. Сенім телефоны: 210-240, аурухана call-орталығы 210-143.
Әділдік пен ашықтық қағидаттарын сақтаумақсатында Сіздің өтінішіңіз комиссиямен жәнеСіздің қалауыңыз бойынша Сіздің қатысуыңызбенқаралатын болады. Емделушіні қолдау және ішкіаудит қызметі Сіздің өтінішіңізді қарап, белгіленгенмерзімдерде жауап ұсынады.
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасыМаңғыстау облысында Бірыңғай ақпараттық Call-орталығы қызмет атқаратыны туралы хабарлайды. Медициналық көмек көрсету жөніндегісұрақтарымен 30-30-60 телефоны арқылыхабарласуларыңызға болады.



