Маңғыстау облысы көпбейінді балалар ауруханасында 0-18 жас аралығындағы балаларға медициналық көмек тегін көрсетіледі. Атап айтсақ:
1. Стационарлық көмек және күндізгі стационар;
2. Емхана бойынша бақылаудағы науқастарға консультативтік-диагностикалық кеңес;
3. Диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
4. Мамандандырылған жоғары технологиялы стационарлық медициналық көмек;
5. Медициналық оңалту;
6. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетіледі.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру басталған болатын. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі.
Сондай-ақ, аталған балалар ауруханасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бірқатар көмек түрлері көрсетіледі.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі дегеніміз (ТМККК) - бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық көмектің көлемі.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 қаулысына сәйкес Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында келесі қызметтер кіреді:
- Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек (санитариялық авиация және т.б)
- Диагностика және емдеу
-созылмалы аурулардың асқыну кезінде шұғыл диагностика және емдеу шаралары.
- тәуліктік бақыланатын стационарлық көмек және күндізгі стационарлық көмек
-мамандандырылған көмек
-консилиум
- емдік-диагностикалық іс-шаралар, дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету, пациентті емдік тамақтандыру мен тиісті күтім жасауды ұйымдастыру стационарға келіп түскен сәттен бастап жүзеге асырылады.












